Экономика

Қарағанды кәсіпорындарының карантиннен кейінгі жаңа тапсырыстары

Қарағандыда аулаларды абаттандыру, үйлердің қасбеттері мен шатырларын, кіреберіс жолдар мен орамішілік жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыс көлемінің арқасында жергілікті құрылыс материалдары да сұранысқа ие. Өңіріміздің мердігерлері мен өндірушілері толық көлемде жұмыс істейді.

Биыл Қарағандыны абаттандыруға 9,6 млрд теңге бөлінді. Сол қаражатқа “Жұмыспен қамтудың жол картасы” аясында 421 аула, 46 орамішілік жолдар жөнделеді, 119 жаяу жүргіншілер жолдары салынып, 269 балалар алаңы және спорт алаңдары орнатылады. Сондай-ақ, бюджет есебінен 212 көп қабатты үйдің қасбеттері мен шатырлары ретке келтіріледі.

Бұл жұмыстарға шамамен 2 700 адам қатысады. Олардың жартысын халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастырады.

– “ЖЖК” бағдарламасы аясында біз 12 аулаға балалар мен спорт кешендерін орнату бойынша байқауды жеңіп алдық. Бұл біздің компания үшін үлкен көмек. Карантин кезінде тоқтап қалған едік – жұмыс көлемі болған жоқ. Қазір біз үйреншікті ырғаққа ораламыз. Біздің компанияда жұмыс істейтін 20 адам бар, олардың бір бөлігін біз жұмыспен қамту орталығы арқылы тауып алдық. Олардың барлығы қазір жұмысқа жұмылдырылып, жалақы алады, – дейді “ЛидерСтройГруп”компаниясының өкілі Тимур Мыңбаев.

Қаланың басқа аулаларында алаңдарды “ККК ЛТД” компаниясы орнатпақ. Осы жазда мердігер 142 ойын және спорт кешенін жабдықтайды. Жұмыстарға кірісіп кеткен.

– Біз қарағандылық “КАРАТ” ЖШС өндірушісімен жұмыс істейміз. Олардың құрылғылары мен ойын кешендері мықты, және олардың бағасы біз үшін өте тиімді. Біз өз алаңдарымызға 2 жылдық кепілдік береміз. Егер осы уақыт ішінде бір нәрсе сынса, біз барлығын өз есебімізден қалпына келтіруге міндеттіміз. Сол себепті, біз сенімді, тексерілген өндірушілермен жұмыс істегенді қалаймыз, олардың өнімдерінің сапасына сенімді болумыз керек, – дейді мердігер компанияның өкілі Сымбат Тоғай.

Ауқымды абаттандырудың арқасында Қарағанды облысының зауыттары да өндіріс көлемін арттыруда. Осылайша жарықтандыру тіректерін, жарықдиодты шамдарды және электр монтаждау жабдықтарын өндіретін “ЛТО энергожүйесі” кәсіпорны 1 500 тірекке тапсырыс алды. Олардың барлығы аулаларда және жаяу жүргіншілер жолдарының бойына орнатылады.

– Карантин кезінде өндіріс көлемі төмендеді. Біз 40 қызметкерді демалысқа жіберуге мәжбүр болдық. Қазір әдеттегі жұмыс режиміне ораламыз, сондықтан барлық қызметкерлер қайтадан жұмыс орындарына оралды, – дейді компанияның бас директоры Талғат Байғабілов.

Қарағанды қаласының жұмыспен қамту орталығында әлі де бірқатар бос жұмыс орындары ашылды. Әртүрлі жұмысты атқаратын адамдар, шатыр жабушылар, жиек және кесек тас төсеуші мамандар сұранысқа ие.

Басқа материалдар

Back to top button