Осакаров

Есілге су барады

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы Осакаров ауданында екпінмен жүргізілуде. Жолдар мен мектептер жөнделіп, көшелер, мәдениет және демалыс саябақтары абаттандырылады. Бағдарлама аясында 364 жұмыс орны ашылады. 36 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Ауданға жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕК өңірдің тыныстіршілігімен танысты.

 

Осакаров ауданында «Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Кенттің 54 көшесіндегі жол жөнделеді. Ал, Есіл селолық округінде жаз соңына дейін су құбырын жөндеу жұмыстары аяқталуы тиіс.

– Бұл округте екі мыңға жуық адам тұрады. Халық ауыз су тапшылығына байланысты қиындықтарға тап болды, судың сапасына шағымдануда. Жөндеу жұмыстарынан кейін тұрғындар үздіксіз сумен қамтамасыз етіледі, – дейді Осакаров ауданының әкімі Нүркен Қобжанов.

Осакаров кентінде жол жөндеуден бөлек, мәдениет және демалыс саябағын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Мұндағы құрылыс жұмыстары «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде іске асырылып жатыр.

– Біз кесектастарды ауыстырамыз, Ғашықтар аллеясын, шағын футбол алаңын жасаймыз, жарықтандыру тірегін орнатамыз, – дейді мердігер құрылыс компаниясының директоры Наталья Кобзева.

Облыс әкімі жұмыс сапасына баса назар аудару керектігін атап айтты.

– Тұрғындар мұнда демалыстарын жайлы өткізуі керек. Балалар алаңын да жабдықтау мүмкіндігін қарастырыңыздар, – деді Жеңіс Қасымбек.

Сондай-ақ, ол мердігерлер жұмыс кестесінен қалмай, жөндеуді жоспарланған мерзімде аяқтауы керектігін айтты.

Аймақ басшысы Пионер балалар үйіне де барды. Мұнда 88 тәрбиеленуші бар. Оның сегізі мектеп бітіріп, оқу орындарына түсуге дайындалуда. Облыс әкімі балалармен әңгімелесіп, емтихандарды сәтті тапсыруды тіледі.

Сондай-ақ, Жеңіс Қасымбек ҰБТ шарттарымен танысты. Ауданның тірек мектебінде 193 түлек үш кезеңде тестілеуден өтеді. Мұнда дезинфекциялық туннель, бетперделер мен антисептиктер дайындалды. Кіреберісте міндетті түрде барлық түлектердің температурасы өлшенеді. Осакаров ауданы білім бөлімінің басшысы Айнагүл Ақмағанбетованың айтуынша, барлық санитарлық нормалар сақталады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button