Облыс әкіміРесми

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

Осыдан 28 жыл бұрын тұңғыш рет Тәуелсіз еліміздің жаңа мемлекеттік рәміздері бекітілген болатын.

Бүгінде Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн – біздің ұлттық игілігімізге айналып, еліміздің тарихы мен мемлекеттік тілімізге, мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізге деген құрметтің, жастарымызды отаншылдық рухта тәрбиелеудің нышанына айналды.

Мемлекеттік рәміздер бізді тарихымыздың ең бір маңызды сәттерінде, бірлігімізді, тұтастығымызды айқындайтын уақытта, халықаралық ареналарда саңлақтарымыз жеңіске жеткен шақтарда біріктіре түседі. Көкке көтерілген Көк Байрағымыз бен шырқалған Әнұранымыз отандастарымыздың рухын көтеріп, жігерлерін жаниды.

Мемлекеттік рәміздер – ұлттық құндылықтарымызға негізделген ел саясатының бастауы, Тәуелсіздігіміз бен бейбітшіліктің, келісімнің белгісі.

Мерекеге орай сіздердің барлығыңызға амандық, бақыт, бейбітшілік тілейміз! Отанымыз өркендеп, Тәуелсіздігіміздің туы жоғары болсын!

Жеңіс ҚАСЫМБЕК,

Қарағанды облысының әкімі.

Серік ӨТЕШОВ,

Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы.

Басқа материалдар

Back to top button