Қарағандыда «Алтын Сұңқар» байқауы өтеді

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің жұмысын мемлекеттік қолдау және ынталандыру мақсатында Қарағанды облысы әкімінің жыл сайынғы «Алтын сұңқар» сыйлығын тағайындауға конкурс өткізіледі. Конкурсқа өз қызметін Қарағанды облысының аумағында жүзеге асырып жүрген бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері шақырылады. 

Сыйлық көрсетілген өлшемдерді ескере отырып, келесі номинациялар бойынша тағайындалады: 
1. «Қарағанды журналистикасын дамытуға қосқан үлесі үшін» облыс әкімінің арнайы сыйлығы – журналистиканы дамытудағы ерекше еңбегі үшін. Сыйлық нақты бір журналистке немесе ұжымға тапсырылуы мүмкін; 
2. «Мамандыққа адалдығы үшін» – кәсіптік қызмет өтілі 20 жылдан артық, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы марапаттарының, құрмет грамоталарының, озаттық белгілерінің, Қарағанды облысының қоғамдық ұйымдарының, кәсіподақтарының, діни бірлестіктерінің, мекемелері мен ведомствалардың ұсыным-мінездемесінің болуы;
3. «Белсенді өмірлік ұстанымы үшін» – жоғары адамгершілік құндылықтарды, аға ұрпақты сыйлауды насихаттағаны және тәрбиелегені, соғыс және еңбек ардагерлерінің ерліктерін дәріптегені, қоғамдық тәртіпті, мәдениет және өзін-өзі ұстау нормаларын сақтауды, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуды, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауды насихаттағаны үшін;
4. «Объектив шебері» — бұл номинацияда жеңімпазды анықтау өлшемі материалдың көркемдік құндылығы, бейненің статикалық еместігі және динамикасы, фото/бейнесуреттің берілген ақпаратқа сәйкестігі болып табылады;
5. «Ауыл тақырыбын үздік жариялау» — селолық аудандарды, Қарағанды облысының және жалпы Қазақстан экономикасының агроөнеркәсіптік секторын насихаттауға және дамытуға бағытталған ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерді сапалық әрі сандық жағынан жариялау;
6. «Әлеуметтік тақырыпты үздік жариялау» – денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі саласындағы тақырыптарды сапалық және сандық жағынан жариялау, сондай-ақ материал беру мен кәсібиліктің бірегейлігі;
7. «Өндіріс тақырыбын үздік жариялау» — кәсіпкерлікті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту, индустриалды-инновациялық саясат, кластерлік бастама тақырыптарын сандық және сапалық жағынан жариялау; 
8. «Алғашқы табыстары үшін» — ұсыным-сипаттама түрінде ресімделген әріптестерінің, шығармашылық одақтардың, қоғамдық бірлестіктердің құрметіне бөленген жас журналистің өзі көтерген мәселелерді жариялаудағы біліктілігі, кәсібилігі;
9. «Жылдың үздік шығармашылық жұмысы» — БАҚ-ты және/немесе жеке жоба, материалдар сериясын ұйымдастырудағы үздік идея, бағдарлама, шығармашылық тәсіл үшін берілетін номинация;
10. «Мәнер мен атқарымдылық үшін» — техникалық және шығармашылық қызметкерлерге: жоғары кәсібилікке ие дыбыстық режиссерлерге, режиссерлерге, корректорларға, беттеушілерге, инженерлерге, дизайнерлерге, бейнеинженерлерге арналған номинация;
11. «Еңбек адамы» тақырыбын үздік жариялағыны және насихаттағаны үшін» — еңбекшілер әулеті тақырыбын, олардың отбасы биографиясын, өндіріс, ауыл шаруашылығы озаттарының, әлеуметтік сала қызметкерлерінің өмірі мен қызметін сапалық және сандық жариялау. Бұл номинацияның материалдары оқырмандар мен көрермендерді еңбек етуге жігерлендіруі, өз өлкесінің атын шығаратын жоғары кәсіби сапаға ие адамдарды, еңбекті құрметтеуге тәрбиелеуі қажет.

Сыйлықтар Қарағанды облысы әкімінің сыйлығына лауреаттарды іріктеу жөніндегі комиссияның шешімімен конкурстық негізде тағайындалады. 
Сыйлық беру жөніндегі комиссияның қарауына кандидаттарды газеттер мен журналдардың редакциялары, облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері, сондай-ақ журналистердің өздері мен БАҚ қызметкерлері ұсынады. Ұсынысқа мыналар қоса тіркеледі: 

— қысқаша өмірбаян;
— 3 әр түрлі, көркем фотосурет;
— ақпараттық материалдар тізімі. Бір автор бірнеше материалдарын ұсына алады, алайда олардың саны 5-тен аспауы тиіс.

Әтүрлі жанрдағы материалдар (очерк, интервью, мақала, телевизиялық және радиохабарлар, әлеуметтік зерттеулер және т.б.), сондай-ақ жарияланымдар мен хабарлар топтамасы қабылданады.
Жарияланымдар түпнұсқада (толық басылымы берілгені дұрыс) немесе материалдардың ксерокөшірмелері (басылымның атауы, мерзімі және авторымен хабарласудың толық мәліметтерімен қоса), радиобағдарламалар мен телехабарлар компанияның атауы мен эфирге шыққан күні көрсетіліп – тиісінше аудиожазба және бейнежазба (cd/dvd дискілері) түрінде өткізілуі тиіс.
Өмір баяндық ақпарат d.akisheva@karaganda-region.gov.kz электронды мекен-жайына жіберу қажет.
Өтінімдер 2018 жылдың 24 мамыры — 18 маусымы аралығында Қарағанды қ., Әлиханов көш., 13, каб. 404 (Ішкі саясат басқармасы) мекенжайы бойынша қабылданады. 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.