Жаңалықтар

Жырау мұрасы – мәңгілік

Өткен аптада Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында №23 орта мектепте Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдық мерейтойына орай арнайы кеш өтті.

 Кеш шымылдығы мектептің жас домбырашылар оркестрінің орындауындағы «Әуен» күйімен ашылды. «Көмекей әулие» атанған Бұқар бабамыздың «Он бір тілек», «Біз қазақ деген елміз» атты өлеңдері оқылды күйден кейін. Кешке арнайы Қарағанды қаласының ақындар мектебінің жетекшісі, бұқартанушы Айтбай Жұмағұлов пен «Достық үйіндегі» музейдің меңгерушісі, бабаның тікелей ұрпағы Мүгілсім Ғұбайдоллақызы қатысты. Айтбай Ботбайұлы бабаның толғаулары мен өсиет сөздерінің мәні мен мағынасын тарқата айтты.

Өнер мектебінің оқушылары «Ерке наз», «Үкілі қыз» атты биден шашу шашты. 8-сынып оқушысы Расулда Ғабиболла жырау желісімен жазылған, өзінің жырын оқып, қошеметке бөленді. Облыстық Қасым, Абай жыр мүшәйраларында жүлделі орын алып жүрген оқушылар баба шығармаларын нақышына келтіре орындады. Мектеп кітапханасы Бұқар жырауға арнап көрме бұрышын ұйымдастырған. Шараға қатысқан барлық қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button