Приозерск

Шағын несиенің шарапаты

Приозерск  қаласында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты бойынша 16 млн. теңгеге дейін несие беру қарастырылған. Несие мерзімі 7 жылға дейін 6 пайыздық жылдық мөлшерлемемен беріледі. Бұл туралы Приозерск қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Рахима АХМЕТОВА мәлімдеді.

Шағын несиенің шалғайдағы ағайын үшін қолжетімді болуы – Елбасының бес бастамасындағы басты бағыттардың бірі. Қалада шағын кәсіпкерлікке жұртшылықтың ынтасы жыл санап артып келеді. Шағын несие алып, өз кәсібін дөңгелетіп жатқандардың саны да көбеюде.

– Несие өзін жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыз азаматтарға өз ісін ашуға және ұлғайтуға, қажетті кәсіпкерлік инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік береді. Шағын қалаларда шағын несие беру ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры арқылы, соның ішінде, олардың операциялық шығындарын субсидиялау тетігін қосқанда, қаржылық ұйымдардың тартылуымен жүзеге асырылады, – дейді Рахима Ахметова.

Осылайша, Приозерскіде жеке кәсібін ашуға ниетті жандарға Үкімет тарапынан тиімді қолдау тетіктері ұсынылуда.

ПРИОЗЕРСК қаласы.

Нұрдос КӘРІМ.

Басқа материалдар

Back to top button