Ресми

Басқармада – жаңа басшы

Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасының басшысы лауазымына Нұрлан ӘЛІМЖАНОВ тағайындалды. Ол бұған дейін облыс әкімінің аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Нұрлан Талғатұлы Әлімжанов – Қарағанды облысының тумасы.

Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ және Қазақстан-Ресей университетін «қаржы», «юриспруденция» мамандықтары бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының магистрі.

«Қарағанды қаласы Октябрь ауданы әкімінің аппараты» ММ-де халықпен жұмыс бойынша штаттан тыс нұсқаушы, экономика және кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің бас маманы, экономика және кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.

Балқаш қаласы әкімінің көмекшісі болды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button