Қарқаралы

Жарқын болашақ кепілі

Биылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Елбасының Жолдауы жастарды жігерлендіріп тастады. Тіпті, 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауы жарқын істерге бастама болды.

Сонымен қатар, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы да жастарды қолдауға арналған. Жуырда Қарқаралы қаласында өткен «Қарағанды облысы жастарының арасында рухани тұрақтылықты дамыту және патриоттық құндылықтарды тәрбиелеу» тақырыбындағы үш күндік көшпелі облыстық семинар-тренинг ұйымдастырылды. Аталмыш шараның ашылуына Қарқаралы ауданының әкімі Халел Мақсұтов, Қарағанды облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ директоры Ерлан Құсайын, Қарағанды облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Бекзат Алтынбеков қатысты. Шара үш күндік семинар-тренингпен жалғасын тапты. Жалпы, облысымыздың түкпір-түкпірінен жастар келіп қатысқан семинар-тренинг өте жоғары деңгейде өтті.

Семинар барысында спикерлер Мемлекет басшысының тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктер мен толағай табыстарды саралай отырып, болашаққа деген зор үміт пен бағыт-бағдардың кең жолын айқындап бергендігін жеткізді. Шара соңында достық пен ынтымақты ту етіп, бірлік пен татулықты жыр еткен барша Қазақстан халықтарының мызғымас достығы мен бірлігі мәңгі жасай берсін деп ой түйді.

Ерсайын ҚОБЫЛАНДЫ,

 Қарқаралы аудандық жастар ресурстық орталығының маманы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button